Мазмұнға өту
merekai

Туған күн

Туған күнге онлайн шақыру

Ересектер мен балалар мерекесіне арналған үлгілер және дайын мәтіндер. Қонақтар бір басып жауап береді, ал неше адам келетінін өзіңіз көресіз.

Қысқасы

Merekai-дегі туған күнге шақыру — күні, орны және жауап беру батырмасы бар бет, әр қонақтың өз сілтемесі болады. Үлгілер 2 990 ₸-ден басталады, бір рет төлейсіз, жазылымсыз. Шақыруды шамамен бес минутта жинауға болады: қазақша және орысша мәтін дайын. Қонақ тіркелусіз ашады, жауаптар кабинетке келеді.

Үлгіні таңдауҮлгілер 2 990 ₸-ден

Үлгілер: Туған күн

Әр үлгіні қонақ ретінде ашып, төлемге дейін қарауға болады.

Барлық үлгілер
  • Люкс

    Wildstyle

    Туған күн · Сайт
    7 990 ₸
  • Люкс

    Voxel

    Балалар туған күні · Сайт
    7 990 ₸
  • Люкс

    Chapter 18

    Туған күн · Сайт
    7 990 ₸
  • Sharlar

    Балалар туған күні · Сайт
    2 990 ₸
  • Премиум

    Ortaq

    Туған күн · Тілек хат
    4 990 ₸
  • Lagoon

    Балалар туған күні · Флаер
    2 990 ₸
  • Премиум

    Lime

    Туған күн · Постер
    4 990 ₸
  • Saule

    Туған күн · Тілек хат
    2 990 ₸

Бұл қалай жұмыс істейді

  1. Үлгіні таңдаңыз

    Каталогтағы үлгіні қонақ көретіндей етіп ашыңыз.

  2. Деректерді жазыңыз

    Есімдер, күні және орны. Қазақша және орысша мәтін дайын.

  3. Сілтемелерді жіберіңіз

    Төлегеннен кейін әр қонақтың өз сілтемесі болады, жауаптар кабинетте көрінеді.

Қандай туған күнге жарайды

Каталогта ересектердің туған күніне де, балалар мерекесіне де арналған үлгілер бар. Үлгіге жасты, бағдарламаны және мекенжайды жазуға болады. Дөңгелек даталы, қонағы көп мерекеге мерейтой беті жақсы келеді.

Дайын шақыру мәтіндері

Қажетті мәтінді көшіріп, есімдерді өзіңізбікіне ауыстырыңыз. Әр мәтін қазақша да, орысша да бар.

  1. Қазақша

    Алия 25 жаста! Туған күн кешіне шақырамын.

    Орысша

    Алия — 25 лет! Зову на день рождения.

  2. Қазақша

    Туған күнімді бірге тойлайық — келсең, қуанамын!

    Орысша

    Отметим мой день рождения вместе — очень жду тебя!

  3. Қазақша

    Тағы бір жыл артта қалды — енді тойлау керек! Кешке кел.

    Орысша

    Ещё один год позади — пора праздновать! Приходи.

  4. Қазақша

    Музыка, достар және торт — туған күн кешінде кездесейік.

    Орысша

    Музыка, друзья и торт — встречаемся на дне рождения.

  5. Қазақша

    Бүгін менің күнім! Келіп, кешті бірге жарқыратайық.

    Орысша

    Сегодня мой день! Приходи — зажжём этот вечер вместе.

  6. Қазақша

    Балапанымыз Алия 25 жасқа толды! Туған күн тойына шақырамыз.

    Орысша

    Малыш Алия празднует день рождения — 25 лет! Приглашаем на праздник.

  7. Қазақша

    Алияның 25 жасқа толған туған күніне шақырамыз! Келіп, қуанышымызға ортақ болыңыздар.

    Орысша

    Приглашаем на день рождения — Алия, 25 лет! Приходите разделить радость.

  8. Қазақша

    Алия 25 жасқа толады! Туған күнге келіп, қуанышымды бөліс.

    Орысша

    Алия исполняется 25 лет! Приходи на день рождения, повеселимся вместе.

  9. Қазақша

    Бір жас үлкейдім — жиналуға себеп те бар! Кешке кел, бірге тойлайық.

    Орысша

    Стало на год больше — повод собраться! Приходи вечером, отпразднуем.

  10. Қазақша

    Туған күнімнің күні, уақыты және мекені төменде. Келетініңді алдын ала айтып қой.

    Орысша

    Дата, время и место моего дня рождения — ниже. Напиши заранее, сможешь ли прийти.

Той шақыру мәтіндері қазақша және орысша: 70-тен астам үлгі

Шақыруды қалай жасау керек

  1. Қашан жіберген дұрыс

    Достарға бір-екі апта жеткілікті, ал балалар мерекесіне екі апта бұрын шақырған жөн: ата-аналарға күнін жоспарлау керек.

  2. Не жазу керек

    Кімнің туған күні екенін, күнін, басталу және аяқталу уақытын, 2GIS сілтемесі бар мекенжайды. Балалар мерекесінде аға-әпкесімен келуге бола ма, соны жазыңыз.

  3. Жауапты қалай жинау керек

    Қонақ атын, нөмірін және неше адам келетінін жазады. Қонақ санына қарай торт пен үстел тапсырғанда бұл ыңғайлы.

  4. Сыйлық туралы

    Сыйлық қаламасаңыз, мәтінде түзу әрі жұмсақ айтыңыз. Керісінше, не сыйлауға болатынын айтқыңыз келсе, Merekai-де сыйлық тізімі бар.

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған күнге онлайн шақыруды қалай жасаймыз?

Каталогтан үлгіні таңдап, қонақ ретінде ашыңыз. Есімді, жасты, күні мен орнын жазыңыз: қазақша және орысша мәтін дайын, бәріне бес минуттай уақыт кетеді. Содан кейін үлгіге төлеп, әр қонаққа өз сілтемесін жіберіңіз.

Туған күн шақыруына не жазу керек?

Кім және қашан тойлайтынын, қайда жиналатынын айтыңыз. Мысалы: «Музыка, достар және торт — туған күн кешінде кездесейік». Қазақша және орысша мәтіндер осы бетте көбірек.

Туған күнге шақыру қанша тұрады?

Үлгілер 2 990 ₸-ден басталады: әрқайсысының өз бағасы бар, ол карточкада көрсетілген. Үлгіге бір рет төлейсіз, жазылымсыз. Шақыруды жинап, қарау тегін.

Балалардың туған күніне арналған үлгілер бар ма?

Иә, каталогта балалар мерекесіне арналған үлгілер бар. Каталогты ашып, себептер арасынан балалар мерекесін таңдаңыз.

Қонақтарды WhatsApp арқылы шақыруға бола ма?

Иә. Төлегеннен кейін әр қонақта өз сілтемесі пайда болады, оны өз нөміріңізден WhatsApp немесе Telegram арқылы жібересіз.

Басқа мерекелер

Шақыру түрі

Мыналарды да оқыңыз

Шақыруды бүгін жинаңыз

Жоба мен алдын ала қарау тегін. Сілтемелерді жіберуге дайын болғанда төлейсіз.

Үлгілерді қарау