Мазмұнға өту
merekai

Той

Тойға онлайн шақыру

Үйлену тойы, қыз ұзату, сүндет той немесе тұсаукесер: үлгіні таңдап, күні мен мекенжайын жазыңыз, сілтемені қонақтарға жіберіңіз.

Қысқасы

Merekai-дегі тойға онлайн шақыру — күні, мекенжайы, бағдарламасы және жауап беру батырмасы бар бет, әр қонақтың өз сілтемесі болады. Үлгілер 2 990 ₸-ден басталады, бір рет төлейсіз, жазылымсыз. Шақыруды шамамен бес минутта жинауға болады: қазақша және орысша мәтін дайын. Қонақ тіркелусіз ашады, жауаптар кабинетке келеді.

Үлгіні таңдауҮлгілер 2 990 ₸-ден

Үлгілер: Той

Әр үлгіні қонақ ретінде ашып, төлемге дейін қарауға болады.

Барлық үлгілер
  • Люкс

    Roseraie

    Үйлену той · Сайт
    7 990 ₸
  • Люкс

    Інжу

    Қыз ұзату · Сайт
    7 990 ₸
  • Kraft

    Сүндет той · Ашық хат
    2 990 ₸
  • Премиум

    Velvet

    Үйлену той · Ашық хат
    4 990 ₸
  • Люкс

    Amalfi

    Үйлену той · Сайт
    7 990 ₸
  • Люкс

    Киіз

    Қыз ұзату · Сайт
    7 990 ₸
  • Жарқын

    Туған күн · Флаер
    2 990 ₸
  • Kraft

    Сүндет той · Ашық хат
    2 990 ₸

Бұл қалай жұмыс істейді

  1. Үлгіні таңдаңыз

    Каталогтағы үлгіні қонақ көретіндей етіп ашыңыз.

  2. Деректерді жазыңыз

    Есімдер, күні және орны. Қазақша және орысша мәтін дайын.

  3. Сілтемелерді жіберіңіз

    Төлегеннен кейін әр қонақтың өз сілтемесі болады, жауаптар кабинетте көрінеді.

Той шақыруының қандай түрін жасауға болады

Каталогта үйлену тойына, қыз ұзатуға, сүндет тойға және тұсаукесерге арналған үлгілер бар. Әр үлгі қазақша да, орысша да ашылады, тілді қонақ өзі таңдайды. Төменде үлгілер, дайын мәтіндер және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар бар.

Дайын шақыру мәтіндері

Қажетті мәтінді көшіріп, есімдерді өзіңізбікіне ауыстырыңыз. Әр мәтін қазақша да, орысша да бар.

  1. Қазақша

    Балаларымыз Арман мен Дана шаңырақ көтеруде! Осы қуанышты күнімізге куә болуға шақырамыз.

    Орысша

    Наши дети Арман и Дана создают семью! Приглашаем разделить с нами этот радостный день.

  2. Қазақша

    Аяулы қызымыз Айдана ұзатылғалы отыр. Ақ тілегіңізбен қуанышымызға ортақ болыңыздар.

    Орысша

    Наша любимая дочь Айдана выходит замуж. Разделите с нами радость проводов.

  3. Қазақша

    Ұлымыз Али азамат атанды! Сүндет тойымызға шақырамыз.

    Орысша

    Наш сын Али становится джигитом! Приглашаем на сүндет той.

  4. Қазақша

    Томирис алғашқы қадамын жасайды! Тұсаукесер тойымызға шақырамыз.

    Орысша

    Томирис делает первые шаги! Приглашаем на тұсаукесер.

  5. Қазақша

    Құрметті ағайын! Ұлымыз бен келініміздің үйлену тойына шақырамыз. Қуанышымызға ортақ болыңыздар.

    Орысша

    Дорогие родные! Приглашаем на свадьбу нашего сына и невестки. Разделите с нами нашу радость.

  6. Қазақша

    Қыз ұзату — ата-ана үшін қуаныш та, толғаныс та. Осы күні қасымызда болуыңызды сұраймыз.

    Орысша

    Проводы дочери — и радость, и волнение для родителей. Будьте в этот день рядом с нами.

  7. Қазақша

    Балапанымыздың сүндет тойына келіп, ақ батаңызды беріңіз.

    Орысша

    Приходите на сүндет той нашего малыша и дайте своё благословение.

  8. Қазақша

    Балапанымыздың тұсауын кесіп, ақ жол тілеуге шақырамыз.

    Орысша

    Приглашаем перерезать путы нашего малыша и пожелать ему светлого пути.

  9. Қазақша

    Өмірлік серік табысқан балаларымыздың қуанышына куә болуға шақырамыз.

    Орысша

    Приглашаем стать свидетелями счастья наших детей, нашедших друг друга.

  10. Қазақша

    Қызымызға ақ жол тілеп, бата беруге шақырамыз.

    Орысша

    Приглашаем проводить нашу дочь добрыми пожеланиями и благословением.

Той шақыру мәтіндері қазақша және орысша: 70-тен астам үлгі

Шақыруды қалай жасау керек

  1. Қашан жіберген дұрыс

    Үлкен тойға қонақты әдетте екі-үш апта бұрын шақырады: адамдарға күнін босатып, шалғайдағылар билет алуы керек. Үй тойына бір апта жеткілікті.

  2. Шақыруға не жазу керек

    Кімнің тойы екенін, күнін, басталу уақытын, мейрамхананың атауын немесе мекенжайын және 2GIS сілтемесін жазыңыз, сонда қонақ кіре берісті іздемейді. Дресс-код немесе тұрақ болса, бағдарламада айтыңыз.

  3. Жауапты қалай жинау керек

    Қонақтардан алдын ала жауап беруін сұраңыз. Merekai-де қонақ батырманы басып, атын, нөмірін және неше адам келетінін жазады, ал жауаптардың бәрін кабинеттен көресіз.

  4. Сілтемелерді қалай шатастырмау керек

    Әр қонаққа жеке сілтеме кетеді, сондықтан шақыруда оның аты тұрады. Сілтемені өз нөміріңізден WhatsApp немесе Telegram арқылы жіберіңіз: қонақ жіберушіні таниды да, хабарламаны жаппай тарату деп ойламайды.

Жиі қойылатын сұрақтар

Тойға онлайн шақыруды қалай жасауға болады?

Каталогтан үлгіні таңдап, қонақ ретінде ашыңыз. Той кімдікі екенін, күні мен орнын жазыңыз: қазақша және орысша мәтін дайын, бәріне бес минуттай уақыт кетеді. Содан кейін үлгіге төлеп, әр қонаққа өз сілтемесін жіберіңіз.

Тойға электрондық шақыру қанша тұрады?

Үлгілер 2 990 ₸-ден басталады: әрқайсысының өз бағасы бар, ол каталогтағы карточкада көрсетілген. Үлгіге бір рет төлейсіз, жазылымсыз. Шақыруды жинап, қарау тегін.

Той шақыруына қандай мәтін жазу керек?

Қысқа әрі жылы: кім шақырады, не себепті, қашан және қайда. Бұл бетте үйлену тойына, қыз ұзатуға, сүндет тойға және тұсаукесерге арналған қазақша және орысша дайын мәтіндер бар. Көшіріп алып, есімдерді ауыстыруға болады.

Қонақтарды қазақша да, орысша да шақыруға бола ма?

Иә. Әр үлгі екі тілде жұмыс істейді, қонақ шақыруды өзіне ыңғайлы тілде ашады. Екі тілдегі мәтінді де түзетуге болады.

Қонақтарға тіркелу керек пе?

Жоқ. Қонақ сілтемені ашып, жауап береді: есімі, нөмірі және неше адам келетіні.

Басқа мерекелер

Шақыру түрі

Мыналарды да оқыңыз

Шақыруды бүгін жинаңыз

Жоба мен алдын ала қарау тегін. Сілтемелерді жіберуге дайын болғанда төлейсіз.

Үлгілерді қарау